Қазақстаннан Қырғызстанға ителгі-сұңқарларды алып өтпек болған

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстаннан Қырғызстанға ителгі-сұңқарларды алып өтпек болған, деп хабарлады Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылғы 20 қазанда Жамбыл облысының Бесағаш шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас «ителгі» құсын алып өтпек болған белгісіз азаматтар ұсталды», - делінген хабарда.
Қылмыстық құқық бұзушылық Жамбыл облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМКК инспекторларының, құқық қорғау органдары мен "Бесағаш" шекара бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтежиесінде анықталды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ителгі сұңқар – сұңқар тұқымдас құстар тобына жататын сирек кездесетін жыртқыш құс. Ителгілердің саны Қазақстанда 1990 жылдардың ортасынан бастап браконьерлердің салдарынан күрт төмендеп кеткен.

adimage