Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

   Астана. 22 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
   "22-24 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 23 маусым күні күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі. 24 маусым күні күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.
   Күндіз 22-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
   23 маусым күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 23-25 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус ыстық сақталады.
   Жезқазғанда 23-25 маусым күндері 35-37 градус ыстық сақталады.
  23 маусым күні күндіз Атырау облысының шығысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
  23 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Атырауда: 23 маусым күні күндіз оңтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жел соғады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
   23 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
   Күндіз 22-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
   Күндіз 23 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. 23 маусымда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 18 метр. Ақтөбеде: күндіз 23 маусымда найзағай күтіледі.
  23 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел таулы аудандарда секундына 15-20 метр.
  23 маусым күні күндіз Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада: 23 маусым күні күндіз 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
   23 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен шығысында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр. Күндіз облыстың орталығы мен шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорғанда: 23 маусым күні күндіз 36 градус ыстық сақталады. Конвев қаласында: 23 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық болады.

adimage