Қазақстанның барлық аумағында мәжіліс сайлауы ресми түрде аяқталды

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның барлық аумағында мәжіліс сайлауы ресми түрде аяқталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жексенбі күні Астана уақытымен сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы соңғы сайлау учаскелері жабылды.
Жабық учаскелерде дауыстарды санау басталды.
Қолданыстағы нормалар бойынша сайлаудың алғашқы нәтижелері 20 наурыз күні Астана уақытымен 00.00-ден кейін ғана жария етіледі.
Орталық сайлау комиссисының соңғы ақпары бойынша 20.00-дегі жағдай бойынша халықтың келуі 54,09% құраған – сайлаушылардың 6 509 695 –і бюллетень алған.
Сол кезде халықтың ең көп келуі Қызылорда облысы – 65,7%, ең төмені – Алматы, мұнда сайлаушылардың 22,95%-ы ғана бюллетень алған.
Сайлауға қатысуға «Ақ жол», Amanat, «Ауыл», «Байтақ», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы жіберілді, сонымен қатар 600-ге жуық өз-өзін ұсынушылар бар.
Атап өтелік, сайлау барысында көптеген бұзушылықтар орын алған. Мәселен, Алматыда бақылаушыларды дауыстарды санауды бақылаудан жаппай шеттеткен.

adimage