Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш тәулікте қатты жауын-шашын күтіледі

   Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстанның басым өңірінде алдағы үш тәулікте қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі, 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі»,- делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
   Республика аумағының көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды.
   «Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде»,- деп ескертті синоптиктер.

Фото көзі: pixabay.com


adimage