Қазақстанның басым бөлігінде жұма күні жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР солтүстігінде, батысында жаңбыр жауады, солтүстік-батысында күн күркірейді. Республиканың шығысына бұрынғысынша антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнде шығысында, солтүстік-батысында тұман түседі», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 2-7 м/с жел тұрады, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +20+22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +20+22.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +24+26
Ақмола облысында күндіз +18+23, түнде +3+8 (шығысында 0).
Алматы облысында күндіз +17+22, түнде +5+10.
Жетісу облысында күндіз +18+23, түнде +4+9.
Түркістан облысында күндіз +22+27, түнде +5+10 (солтүстігінде +2).
Батыс Қазақстан облысында күндіз +13+18 (оңтүстігінде +21), түнде +5+10.
Атырау облысында күндіз +15+20, түнде +4+9.
Маңғыстау облысында күндіз +18+23, түнде +10+15 (солтүстік-шығысында +7).
Ақтөбе облысында күндіз +11+16 (оңтүстігінде +20), түнде +7+12 (солтүстік-шығысында +4).
Қостанай облысында күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде +4+9.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +15+20, түнде +3+8.
Павлодар облысында күндіз +18+23, түнде +1+6.
Қарағанды облысында күндіз +17+22 (оңтүстігінде +25), түнде -3+2 (оңтүстігінде +6).
Ұлытау облысында күндіз +18+23, түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +15+20 (солтүстік-шығысында +10), түнде -2+3 (оңтүстігінде +5).
Абай облысында күндіз +14+19 (оңтүстігінде +22), түнде -3+2 (оңтүстігінде +5).
Қызылорда облысында күндіз +21+26 (солтүстігінде +18), түнде +1+6.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарында -2 үсік сақталады. Күндіз +19+24, түнде +4+9.
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жекелеген өзендерде жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

adimage