Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні  жауын-шашынсыз ауа райы  күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс жоғары атмосфералық қысым аумағында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР қалған аумағы  бұрынғыша     атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады, сондықтан қар жауады. жаяу бұрқасын соғады, жел күшейді, батысында, оңтүстігінде тұман түседі», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан  7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -11-13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.  0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14 аяз, күндіз -2-4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан  3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз +1+3.
Ақмола облысында күндіз -8-13, түнде -18-23 (солтүстігінде -12-17).  
Алматы облысында түнде солтүстігі мен шығысында -23 дейін қатты аяз күтіледі.  Күндіз -2-7 (солтүсітігнде -10), түнде -12-17.  
Жетісу облысында күндіз -5-10, түнде -19-24.
Түркістан облысында күндіз 0+5 (солтүстігінде -3-8), түнде -9-14 (солтүстігінде -17).
Батыс Қазақстан облысында күндіз -5-10 (батысында -1), түнде -17-22 (оңтүстігінде -13).
Атырау облысында күндіз -3+2 (солтүстігінде -6), түнде -10-15 (солтүстігінде -18).
Маңғыстау облысында күндіз +2+7 (солтүстік-шығысында -1),  түнде -5-10 (солтүстік-шығысында-15).  
Ақтөбе облысында күндіз -7-12 (оңтүстігінде -3), түнде -19-24 (оңтүстігінде -10-15).
Қостанай облысында күндіз -8-13, түнде -13-18 (оңтүстігінде -23).
Солтүстік Қазақстан облысында  күндіз -8-13, түнде -12-17 (оңтүстік-батысында -20).
Павлодар облысында күндіз -7-12,  түнде -12-17 (оңтүстік-шығысында -9).
Қарағанды облысында күндіз -7-12 (шығысында -15), түнде -15-20 (шығысында -25).  
Ұлытау облысында күндіз  -5-10 (шығысында -13), түнде -20-25 (солтүстігінде -15).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз -12-17 (солтүстігінде -8), түнде -22-27 (солтүстігінде -12-17).
Абай облысында күндіз -7-12 (шығысында  -15), түнде -22-27 (солтүстігінде -12-17).
Қызылорда облысында күндіз -2+3 (солтүстігінде -5), түнде -10-15.
Жамбыл облысында күндіз -1+6, түнде -13-18 (оңтүстігінде, шығысында -9).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су көлемінің құбылуы және мұз қату құбылыстарының күшеюі байқалады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage