Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады деп күтілуде

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен қар жауады, еліміздің шығысында, орталығында- жауын-шашынсыз. ҚР солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде - көктайғақ», - делінген хабарда
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -29-31, күндіз -20-22.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз -3-5 шамасында.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4.
Ақмола облысында оңтүстік-батысында аздаған қар жауады. Күндіз -17-22, түнде -26-31 (оңтүстік-батысында -22).
Алматы облысында түнде оңтүстігінде тауларда қар жауады. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Жетісу облысында күндіз қар жауады. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Түркістан облысында тауларда қар жауады. Күндіз 0-5 (солтүстігінде -9), түнде -12-17 (солтүстігінде -21, оңтүстігінде -9).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -6-11, түнде -14-19.
Атырау облысында түнде шығысында қар жауады. Күндіз -3-8, түнде -13-18.
Маңғыстау облысында солтүстігінде аздаған қар жауады. Күндіз 0-5 (солтүстік-шығысында -8), түнде -7-12 (солтүстік-шығысында -15-20) .
Ақтөбе облысында орталығында, оңтүстігі мен шығысында қар жауады. Күндіз -12-17 (солтүстігінде -9), түнде -16-21 (оңтүстігінде -11).
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында аздаған қар жауады. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -13), түнде -22-27 (солтүстігінде -30, оңтүстігінде -17).
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз -16-21, түнде -21-26 (оңтүстік-шығысында -30).
Павлодар облысында түнде оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. Күндіз -20-25, түнде -27-32.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде-12), түнде -27-32 (оңтүстігніде -22).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -9-14 (солтүстік-шығысында -17), түнде -19-24 (солтүстік-шығысында -27).
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -15), түнде -23-28 (солтүстгінде -32, оңтүстігінде -18).
Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -18-23 (солтүстігінде -26, оңтүстігінде -13), түнде -23-28 (солтүстігінде -33, оңтүстігінде -18).
Қызылорда облысында батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауады. Күндіз -7-12, түнде -17-22 (батысында -14).
Жамбыл облысында тауларында қар жауады. Күндіз -2-7, түнде -9-14.
"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы және мұз қату байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage