Қазақстанның басым бөлігінде жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауқымды антициклон ҚР басым бөлігіндегі ауа райынынң жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Оңтүстік циклонның ықпалымен және фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейде нөсер жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Республика бойынша жел тұрады, шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батысында тұман түседі», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с құбылмалы бағытта жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +20+22.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақ бетінде -1-3 үсік жүреді, күндіз +12+14.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз кейде 25 м/с. Ауа температурасы күндіз +21+23, түнде +7+9.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25 (шығысында +17), түнде 0-5 (солтүстігі мен батысында +5).
Алматы облысында түнде үсік жүреді. Күндіз +12+17, түнде -1-6 үсік (оңтүстігінде +2).
Жетісу облысында үсік жүреді. Күндіз +11+16, түнде -1-6.
Түркістан облысында солтүстігінде, батысында, тау және тау маңы аудандарында 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, таулы аудандарында 30 м/с және одан жоғары болады. Күндіз +21+26, түнде +6+11.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25 (оңтүстігінде +28), түнде +8+13.
Атырау облысында батысында аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +20+25 (батысында +17), түнде +9+14.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауады. Күндіз +18+23 (батысында +15), түнде +8+13.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде топырақ бетінде -1-6 үсік күтіледі. Күндіз +20+25, түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Қостанай облысында түнде оңтүстік-шығысынд топырақ бетінде -1-6 үсік жүреді. Күндіз +20+25, түнде +5+10 (оңтүстік-шығысында +2).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +21+26, түнде +3+8.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25 (оңтүстігінде +17), түнде +1+6 (оңтүстігінде +17).
Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +15+20, түнде -1-6 (оңтүстігінде +4).
Ұлытау облысында түнде шығысында үсік күтіледі. Күндіз +17+22, түнде +1+6.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +15+20 (шығысында +5+10), түнде -3+2 (шығысында -8).
Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +17+22 (шығысында +13), түнде -2+3 (батысында -6).
Қызылорда облысында күндіз орталығы мен шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз +20+25 (шығысында +28), түнде +8+13.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарында үсік күтіледі. Күндіз +16+21, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage