Қазақстанның оңтүстігінде темір жол көпірінің бөлігі құлады

   Алматы.4 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстанның оңтүстігінде темір жол көпірінің бөлігі құлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай – Манкент аралығының Арыс – Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады»,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
   Зардап шеккендер жоқ. Белгілі болғандай, 20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін тазартты. Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

adimage