Қазақстанның Ресей,Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен шекарасында көлік кептелісі пайда болды

   Астана.22 ақпан.ҚазТАГ- Қазақстанның Ресей,Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен шекарасында көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
   "Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Көлік жолдарының ашылуына байланысты жекелеген бағыттарда көлік кептелісі байқалады: Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті)»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлайды.
   «Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады»,- делінген хабарламада.

adimage