Қазақстанның Ресейге экспорты жыл басынан бері $6 млрд жетті

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанның Ресейге экспорты жыл басынан бері $6 млрд жетті, деп хабарлады «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.
«Қазақстанның Ресейге экспорты 2022 жылы 15,1% өсіп, $5,9 млрд. құрады», - делінген Қазақстан экспортының апта сайынғы шолуында.
2022 жылдың тоғыз айында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда $18,4 млрд. құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда $1 млрд артық. Ресей болса Қазақстанға импорт жеткізу жөнінен көш бастап тұр, 36% немесе $12,4 млрд.
Әсіресе Абай, Ұлытау, Павлодар, Қостанай облыстарының шекарамаңы саудасы қызып тұр, олардың Ресеймен тауар айналымы $2,7 млрд. құраған.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $24,6 млрд құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 31,2% жоғары, делінген хабарда.

adimage