БҚО-да көлде баланы іздеу жұмыстары екінші күні жалғасуда

  Орал. 24 маусым. ҚазТАГ – Батыс Қазақстандағы Шалқар көлінде баланы іздеу жұмыстары екінші күн жалғасуда, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
  Теректі ауданы, Сары өмір ауылындағы Шалқар көлінде 2013 жылы туған баланы іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген жұма күні хабарламада.
Бүгін таңғы сағат 5.00-де еріктілер іздестіру жұмыстарын бастағаны хабарланды.
  Еске салсақ, 23 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы көлде атасы мен баланы іздеу жұмыстары басталған болатын.

adimage