Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

   Астана. 23 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
   "Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі", – делінген хабарламада.
   Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз + 30+32.
   Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 метр жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні секундына 13 метр болады. Ауа температурасы түнде + 20+22, күндіз + 30+ 32.
  Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз + 33+35.
  Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі, күндіз Батыс пен шығыста секундына 15-20 метр жел күшейеді, екпіні секундына 25 метр, күндіз орталықта, шығыста қатты ыстық болады, батыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 27+32, түнде +14+19.
   Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, облыстың шығысында секундына 25 метр екпіні күтіледі. Күндіз +25 +30 (солтүстік-шығыста+22), түнде + 13 + 18.
   Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метр, шаңды дауыл тұрады, басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +34+40 (батыста +32), түнде +20+25.
  Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте күн күркірейді, түнде облыстың оңтүстігінде секундына 18 метр жел күшейеді, басым бөлігінде қатты ыстық болады, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 33 +38 (оңтүстікте +41), түнде+17 +22 (оңтүстікте + 25).
   Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, найзағай ойнағанда секундына 15-20 метр жел күшейеді, оңтүстікте қатты ыстық күтіледі. Күндіз + 26 +31 (оңтүстікте+34 +39), түнде+13 +18 (оңтүстікте + 21).
   Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр, басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 32 +37, түнде+18 +23 (шығыста + 15).
  Қарағанды облысында күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр күшейеді, басым бөлігінде қатты ыстық, оңтүстікте өте қатты ыстық, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 32 +37 (оңтүстікте +40), түнде+13 +18 (оңтүстікте + 23).
  Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр жел күшейеді, басым бөлігінде қатты ыстық болады, күндіз шығыста өте қатты ыстық болады, батыста, шығыста төтенше өрт қаупі болады. Күндіз + 33 +38 (шығыста +41), түнде+21 + 26.
  Павлодар облысында түнде солтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз+28 +33 (солтүстікте +25), түнде+12 + 17.
  Ақмола облысында түнде батыста, солтүстікте найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Күндіз + 27+32, түнде +14+19.
  Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай, дауыл, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 33+38, түнде +14+19.
  Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел күшейеді, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 28+33, түнде +19+24.
  Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, орталықта секундына 15-20 метр жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты ыстық күтіледі, батыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 28+33 (оңтүстік-шығыста +36), түнде +18+23 (солтүстік-шығыста +15).
   Қызылорда облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 37+42, түнде +22+27.
   "Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген тау өзендерінде жауын - шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.
 

adimage