Бейсенбі күні Шымкентте және тағы төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Шымкентте және тағы төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«05 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 05 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
05 мамырда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 05 мамырда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
«Күндіз 05 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ: күндіз 05 мамырда найзағай күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
5 мамырда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 5 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

adimage