Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Шымкентте және тағы тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 қазанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. қ. Шымкент: 27 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 27 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Түнде 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы 27 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ: түнде 27 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 27 қазанда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
«27 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі», - делінген хабарда.
27 қазанда Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ: 27 қазанда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
«27 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп нақтылады гидрометеорологтар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
«Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 27 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деді «Қазгидромет».
27 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 27 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
«Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34