Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

    Астана.13сәуір.ҚазТАГ- Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Білісбеков 2013 жылғы наурыздан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Оған дейін, Сейсембаев пен Төлеуов ҰҚК төрағасының орынбасарлары болды- Терроризмге қарсы қызметінің бастығы және Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

adimage