Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан мемлекеттілігінен айырылып қала жаздады, деп санайды президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», - деді жұма күні Тоқаев Қазақстан Халқы ассамблеясының XXXI сессиясында.
Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлердың туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына тоқталды. Оның пікірінше, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керек.
«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек», - деп атап өтті Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57