Чехиядағы көркем гимнастикадан Гран-приде Сабина Бақатова қола жүлдегер атанды

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Чехиядағы көркем гимнастикадан Гран-приде Сабина Бақатова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

«Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Сабина Бақатова Чехияда өткен Гран-приде қола жүлдені жеңіп алды. Ол таспамен жаттығуларда үшінші болды », - делінген хабарламада.

Бірінші орын Екатерина Веденееваға (Словения) бұйырды. Лили Рамоначо (Франция) екінші орынды иеленді.

adimage