Дүйсенбі күні Алматыда және 11 облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Алматыда және 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 сәуірде күндіз Алматы облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың бытысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 15 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 15 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 18 м/с», - делінген жексенбідегі дауылды ескертуде.
15 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. «15 сәуірде Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 15 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с», - делінген хабарда.
15 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с. «15 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
15 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, күндіз облыстың басында, солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Қарағанды қ.: 15 сәуірде түнде жаңбыр күтіледі. «Күндіз 15 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, түнде 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 15 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16-17 сәуірде, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай күтіледі. Түнде 16 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады гидрометеорологтар.
15 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 15 сәуірде кей уақыттарда тұман күтіледі.
«15 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 15 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
15 сәуірде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
«15 сәуірде күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Талдықорган қ.: күндіз 15 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп ескертті синоптиктер.

adimage