Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен 13 облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан мен 13 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 23 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жексенбідегі дауылды ескертуде.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ: таңертең және күндіз 23 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және тау, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 23 мамырда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және тау, таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде және шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с», - делінген хабарда.
23 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
«Түнде 23 мамырда облыстың басым бөлігінде, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында және шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. г. Атырау: 23 мамырда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп ескертті гидрометеорологтар.
23 мамырда Қызылорда облысының орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 23 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
«23 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қ: Күндіз 23 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
23 мамырда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. қ.Ақтөбе: 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
«Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Орал қ.: найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с», - делінген хабарда.
Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с . Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
«23 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп хабарлады «Қазгидромет».
23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Петропавл қ: күндіз 23 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. «23 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
23-24 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 23, тәулік бойы 24 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 23 мамырда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 23 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

adimage