«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

   Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ- «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
  "Алматы тергеу сотының 2022 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды. Қамауға алу 7 тамызға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
   Еске салайық, Арман Жұмагелдиевке Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ бұған дейін ҚазТАГ Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылғанын хабарлаған болатын.

adimage