Екібастұз полициясы ЖЭО учаскесі бастығының өлімі туралы: ол әйелімен болған ұрыстан кейін қайтыс болған

Павлодар. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Екібастұз жылуэнергоорталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлог әйелімен болған ұрыстан кейін қайтыс болған, деп мәлімдеді қала полициясының басқармасынан.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын-ала ақпар бойынша, оқиға марқұмның гаражында әйелімен ұрысып қалғаннан кейін орын алған. Бірқатар сараптама тағайындалған, сараптама нәтижесі бойыша шешім қабылданатын болады. Ішкі құжатты тарату дерегі бойынша Павлодар облысы полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізуде», - деп мәлім етті сейсенбі күні Екібастұз полицейлері.
Еске салсақ, 27 қарашада Павлодар облысы Екібастұз қаласы 30 градустық аязда ЖЭО-дағы қазандықтардың істен шығуы салдарынан жылусыз қалды. Нысанды олигарх Александр Клебанов бақылайды – жыл басынан бері бұл ол бақылайтын ЖЭО-дағы екінші ірі апат. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Сол күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды. Апат бойынша ЖЭО-да тергеу амалдары басталды. Апатты жою үшін Астанадан және тағы үш қаладан мамандар жіберілді. ЖЭО-дағы апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

adimage