Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды

Павлодар. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Екібастұзда қалалық жылу энергоорталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлог өлі күйінде табылды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«4 желтоқсанда сағат 21.25-те «За рулем» гараж қоғамдастығының гаражында «ВАЗ-21099» көлігінің салонынан 1989 жылы 20 тамызда дүниеге келген С.В. Видлогтың, «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығының денесі табылды», - делінген ғаламторда таратылған баянаттың көшірмесінде.
Құжатқа сәйкес, марқұмның денесінде зорлықпен өлтіру белгісі табылмаған.
Атап өтілгендей, ҚР ҚК 105 бабы 1 бөлімі бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) қылмыстық іс қозғалған.
«Аталмыш дерек Екібастұз қаласы ПБ тіркелді. Тексеру жүргізілуде», - деп нақтылады қала полицейлері.
Еске салсақ, 27 қарашаға қараған түні Екібастұз 30 градустық аязда ЖЭО-дағы қазандықтың істен шығуы салдарынан жылусыз қалды. Нысанды олигарх Александр Клебанов бақылайды екен – жыл басынан бері бұл ол бақылайтын ЖЭО-дағы екінші ірі апат.
27 қараша күні түске қарай Павлодар облысының әкімі Абылкаир Скаков мәлімдегендей, Екібастұздағы жылу желілерінде көптеген ақау табылған және соның салдарынан ірі апат орын алуы мүмкін. Энергетика министрлігінде аталмыш апатты «тарифтің төмендігімен» байланыстырды. Екібастұздан ішінара эвакуациялау басталды.
Соңғы ақпар бойынша қалада шамамен 130 көпқабатты тұрғын үй қалған, анықталған ақау саны 15-ке жеткен. 28 қарашада Екібастұзда балабақшалар жұмыс жасамайды деп күтілуде. Ал оқушылар онлайн-оқытуға көшіріледі. 28 қараша күні қала әкімдігі Екібастұздағы ЖЭО-дағы жағдай тұрақтандырылды деп хабар берді.
28 қараша күні Тоқаев проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды.
Екібастұздағы балалар жағдай тұрақталғанша оқу-сауықтыру лагеріне жіберілді.

adimage