Елена Рыбакина қатарынан 12 жеңіске жетіп , Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

   Астана.29 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шығып, тағы бір жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының теннис федерациясы.
   «Қазақстандық спортшы соңғы сында италиялық Мартина Тревизанмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:0. Матчтың өзі 1 сағат 10 минутқа ғана созылды»,- делінген хабарламада.
    Рыбакина бұған дейін қатарынан 12 жеңіске жеткен.
   «Қазақстандық спортшының жеңісті сәттері Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде 1,5 аптадан бері жалғасып келеді. Белгілісі – америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Анастасия Потапова кездесуінің жеңімпазымен жолығады»,- делінген хабарламада.

adimage