Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек- Тоқаев

   Астана.19 сәуір.ҚазТАГ- Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек, деп есептейді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
   «Қазақстан – осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет. Сондықтан бізге оңай болмайды. Бірақ бұл жолды қалайда жүріп өтуге тиіспіз. Енді жұмысқа жұмыла кірісеміз. Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді.    Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек», - деді Тоқаев үкімет отырысында.
   Оның ойынша, билік мемлекетшіл-реформатор болулары қажет.    «Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту.   Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз», - деді Тоқаев.

adimage