Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

    Астана.12 сәуір.ҚазТАГ- Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Закария 2022 жылдың 22 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалды. Оған дейін ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

adimage