KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,6-ға өсіп, Т424,47/$1 болды

Алматы. 23 мамыр. ҚазТАГ – Дүйсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т424,47$1 жетті.
Жұмадағы сауда-саттыққа қатысты доллар Т0,6-ға арзандады.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т419,67/$1- Т427,5/$1 болды.
Сауда-саттық көлемі $66 546,21 мың болды.

adimage