Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы Михаил Козачковты босатуды сұрады

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы журналист Михаил Козачковты босатуды сұрады, делінген ұйымның ресми сайтында.
«Қазақстандық журналист-зерттеуші, сондай-ақ спорт журналисі Михаил Козачков «Советский спорт» (Россия), UEFA.com , ProSport, «Литер» және Gazeta.kz секілді басылымдарда жұмыс жасады. Ол 2022 жылдың 18 желтоқсаны күні ұсталып, бүгінгі күнге дейін тергеу изоляторында отыр. Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы Михаил Козачковқа қарсы бұл фейк жаңалықтар мен кінәлауларды айыптайды және оны шұғыл түрде босатып, жағдайдың шешілгенін талап етеді», – делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, Козачковтың журналистикамен айналысқанына 20 жылдан асқан, оның 10 жылын спорт журналистикасына және қалған 10 жылын журналистік тергеуге арнаған.
AIPS Козачковқа және оның туыстарына 2022 жылдың басынан бері көрсетілген қорқытуларға, оның электронды поштасы мен Telegram және WhatsApp аккаунттарының бұзылғанын, сонымен қатар көлігіне зақым келтірілгенін еске салды. Бұдан бөлек, AIPS тергеу органдарының Козачковқа қысым көрсетуге тырысқандарын да мәлімдеп отыр.
«Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығы Михаил Козачковты тез арада босатуды сұрайды. Пікір бостандығы, сөз, қозғалыс, ой бостандығы, ақпаратты еркін тарату ботандығы деген секілді құндылықтарға кез келген жағдайда кепілдік берілуі керек. Козачковты босата отырып, қазақстандық билік сот тексерулерінің жұмыстары үшін журналистерден кек алу ретінде сот тексерулерінің болмайтынын қамтамасыз ету керек. AIPS жағдайды бақылауды жалғастырады және журналистерге ғана емес, барлық азаматқа кепіл берілген құқықтары мен қағидаларының қорғалуы үшін күресетін болады», - делінген мәлімдемеде.
Еске салсақ, Михаил Козачковты 18 желтоқсанда ҚМА ұстап, УҰИ-ге қамауға алды. Ол рейдерлік басып алуда Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына көмектесті деген күдікке ілінді. Сарапшылардың бағалауынша, ҚМА тарапынан журналистті ұстау өте дерекі бұзушылықтармен жүзеге асырылған. Журналистке көмек көрсетуге «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры дайын екенін білдірді. Сонымен қатар «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков, Қазақстан журналистер одағы және көптеген белгілі қазақстандық журналистер де қолдау білдіретіндерін жеткізді.
19 желтоқсанда мәжіліс депутаты Азат Перуашев КМА жақында ұсталған журналист Михаил Козачковтың құқықтарын сақтауы қажеттігін және оған қатысты заңның бұзылмауын талап етті. Сол күні медиа қауымдастығының өкілдері мен қоғамшылдар Тоқаевқа Козачковты босатуға көмек сұрап жүгінді. Олар аталмыш іс мемлекет басшысы уәде еткен саяси реформаны орындамау деген пікір білдірді. Кейін ол үндеуге Ақорда да пікір білдіріп, Козачковтың ісі заңға сәйкес қаралуы керек деп мәлімдеді.
20 желтоқсанда бас прокуратура белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачковтың ісі бойынша бұзушылықтар туралы ақпаратқа назар аударуға уәде берді. Сонымен қатар ол құқыққорғаушылардың әрекетінің басталғаны туралы мәлімдеді.
Қазіргі таңда журналист тергеу уақытына екі айға қамауға алынды.

adimage