Әл-Фараби даңғылы Астананың сол жағалауға көшіріледі

  Астана.2желтоқсан.ҚазТАГ- Әл-Фараби даңғылы Астананың сол жағалауға көшіріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
  «Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан №38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан»,- делінген хабарламада.
   Бұған дейін «Алматы» және «Байқоңыр» аудандарында орналасқан Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болып өзгертілген болатын. Қала тұрғындары, Астана мәслихаты мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан, ұлы ғалымның есіміне сәйкес келмейді, осыған байланысты қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстарын бірнеше рет айтқан болатын.

adimage