Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ке дейін көтерді

    Астана.5 желтоқсан.ҚазТАГ- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ке дейін көтерді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
    «Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады»,-деп хабарлады Ұлттық банк дүйсенбі күні.
   Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді.
   «Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындады. Оның қазіргі деңгейі жеткілікті жоғары деп бағаланады», – делінген хабарламада.
   «Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа проинфляциялық күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі күшейту ықтималдығы төмен деп бағаланады», – делінген хабарламада.

adimage