Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруда артта қалды

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Өңірлердің біразы кешенді жоспарды 80%-ға орындады, деп мәлім етті қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
«Атап өту керек, біраз өңір мен ӘКК кешенді жоспар нысанының 80% -ын сатуға шығарған. Бұл ретте жекелеген өңірлер мен ӘКК нысандардың 90%-100% сатқандар да бар – бұл Қарағанды облысы (94%), Абай облысы (100%) және Ұлытау (100%), «Kokshe» ӘКК (100%), «Тобол» ӘКК (100%), «Байқоңыр» ӘКК (100%).
Сонымен қатар, қазіргі күнге дейін жеті өңір және ӘКК бойынша саудаға шығарудың қарастырылған мерзімінен кешігу орын алып отыр. Көрсеткіштің төмені Маңғыстау (63%), Ақтөбе (67%) облыстарында, «Сарыарқа» ӘКК (53%)», – деді Жамаубаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, 2022 жылдың соңына дейін тағы 81 нысанды сатылымға шығару керек.
«Ағымдағы жылы кешенді жоспардың 295 нысаны сатылымға шығарылу керек болатын. Оның ішінде 1 желтоқсандағы жағдай бойынша: Т86,1 млрд сомаға 36 нысан бәсекелестік ортаға берілді; 32 нысан қайта құруға және жоюға жіберілді; 146 нысан сатылымда», –деді ол.
Оның айтуынша, кешенді жоспар нысанының 80%-ның сатылымға шығарылғанын қамту үшін 2022 жылдың соңына дейін тағы 81 нысанды сату керек.

adimage