Маңғыстауда бес елдің әскери оқу-жаттығулары өтеді

    Ақтау. 5 сәуір. ҚазТАГ- Әскери жаттығуға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысады, деп хабарлады Әзербайжанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Әскери оқу-жаттығу биыл шілдеде Қазақстандағы «Оймаш» полигонында, Каспий теңізінің акваториясындағы Тоқмақ мүйісінде өтеді. Онда «Қарулы қақтығыс аймағын айқындау үшін оқу-жауынгерлік міндетті орындау» іс-қимылдары іске асырылады», – делінген хабарламада.
   Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Фото көзі: Пресс-служба министерства обороны Азербайджана


adimage