Мас әйел Павлодардағы медициналық орталықтың төбесіне тоғызыншы қабаттан құлап түсті

    Павлодар. 11 мамыр. ҚазТАГ-мас әйел Павлодардағы медициналық орталықтың төбесіне тоғызыншы қабаттан құлап түсті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   "Бұл туралы хабарлама "112" пультіне 11 мамырда сағат 14.37-де келіп түсті. Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі мекен - жайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған "Экстрамед" медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлап түсті", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінде сәрсенбіде.
   Зардап шегуші Павлодар қаласының №1 ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, ол мас болған.
   Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

adimage