Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

   Астана.2 желтоқсан.ҚазТАГ- Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  «Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген жұма күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
   Төреғалиев 2017 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған, бұған дейін 2016 жылдың сәуір айында Орал қаласының әкімі лауазымдарын атқарды, 2015 жылы шілде айында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

adimage