Қошанов Ресейге ресми сапармен барды

   Астана.4 наурыз.ҚазТАГ- Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге ресми сапармен барды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
   «4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған»,- делінген хабарламада.
   Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.
   Қазанда мәжіліс төрағасы Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.
  «Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды»,- делінген мәжілісте.

adimage