Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел зардап шекті

   Павлодар.5 желтоқсан.ҚазТАГ- Павлодар облысында газ баллоны жарылып, бір әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
   «5 желтоқсанда сағат 13.12-де Ақтоғай ауылында Марденов көшесі, 46 үйінде газ баллоны жарылған. Газ баллонының жарылуы салдарынан тұрғын үйге жапсарлас салынған үй-жайдың опырылғаны анықталды", - дейді Ақтоғай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әділхан Мағзамов.
  1955 жылы туған әйелдің денесінің 35 пайызын екінші дәрежелі күйік шалған.
  Жарылыстың орын алуына газ баллонын сақтау ережесін бұзу себеп болған.

adimage