Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

   Астана.22 ақпан.ҚазТАГ- Павлодарда құбыр жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «Құбырға жалғанған Торайғыров көшесі, 52, 54, Академик Бектұров көшесі, 7, 9, 11, 15 тұрғын үйлері және 2 әлеуметтік нысан жылу жүйесінен ажыратылды. «Павлодар жылу желілері» ЖШС бригадалары ақауды жою жұмыстарын жүргізуде», - делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Ақауды жою жұмыстары шамамен сағат 19:00-ге дейін аяқталады.

adimage