Павлодарда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті

    Павлодар.16 наурыз.ҚазТАГ- Павлодарда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «16 наурыз күні сағат 09.10 шамасында Hyundai Accent маркалы автокөліктің жүргізушісі Павлодарда Назарбаев даңғылымен қозғалып келе жатып, 2014 жылы туған баланы қағып кеткен»,- деп бейсенбі күні Павлодар облысының полиция департаменті хабарлады.
   Зардап шеккен сегіз жасар бала түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

adimage