Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі

   Астана.19 сәуір.ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет»РМК баспасөз қызметі.
   «Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде, жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) түссе, еліміздің солтүстігінде – қарлы боран соғады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі»,- делінген хабарламада.
Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 0-ден + 2 градусқа дейін көтерілсе, түнде -3...-5 градусқа дейін суық болады. Күндіз желдің жылдамдығы 3-8 м/с болса, түнде 9-14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бүгін елордада тұман мен көктайғаққа байланысты тағы да дауылдық ескерту жарияланып отыр.
  Алматы қаласында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +10...+12 градусқа дейін көтерілсе, түнде -1...-3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамағы 0-5 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашын жаумайды. Десе де, күн көшпелі бұлтты болады. Күндіз +17...+19 градус жылы болса, түнде ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін төмендейді. Бұдан бөлек, түнде 2 градусқа дейін топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Ақмола облысында түнде оңтүстікте және шығыста қар жауады деп күтілуде. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Алматы облысында түнде -1-6 ға дейін аяз болады. Күндіз +7+12, түнде оңтүстікте +2.
Жетісу облысында түнде -2-7 ге дейін аяз болады. Күндіз +8+13.
Түркестан облысында түнде солтүстікте, таулы аймақтарда -2-3 ке дейін аяз болады. Күндіз +15+20, түнде +1+6.
Батыс –Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +14+19, түнде +5+10.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17, түнде 2+3.
Қостанай облысында батыста, солтүстікте және шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде -3+2.

adimage