Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз күтіледі

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде күн аяз, жауын-шашынсыз, тек батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу сырма соғады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жел тұрады, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Қарағанды облысында -35, Қарағанды облысының шығысында -40 граду қатты аяз күтіледі. Жетісу облысында -30-35, Абай облысында -40, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 дейін қатты аяз сақталады»,- делінген хабарда.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -29-31 және күндіз -16-18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -16-18 және күндіз -6-8.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -6-8 және күндіз 0+2.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -29-34.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде қар жауады. Күндіз -6-11, түнде -14-19.
Жетісу облысында күндіз тауларында қар жауады. Күндіз -10-15 және түнде -22-27.
Түркістан облысында түнде тауларында қар жауады. Күндіз -1+4 және түнде -4-9.
Батыс Қазақстан облысында түнде батысында және солтүстіігнде қар жауады. Күндіз -8-13 және түнде -20-25.
Атырау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Маңғыстау облысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -14-19, түнде -20-25.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -17-22 және түнде -28-33.
Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық. Күндіз -19-24, түнде -30-35.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -20-25, түнде -32-37.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -18-23, түнде -30-35.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -27-32.
Шығыс Қазақстан облысында күн ашық. Күндіз -26-31 және түнде -35-40.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -25-30, түнде -35-40.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -4+1, түнде -10-15.
Жамбыл облысында түнде тауларында қар жауады. Күндіз 0-5 және түнде -10-15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage