Сейсембаев пен Төлеуов ҰҚК төрағасының орынбасарлары болды- Терроризмге қарсы қызметінің бастығы және Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

    Астана.13 сәуір.ҚазТАГ- Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев пен Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасарлары болды- Терроризмге қарсы қызметінің бастығы және Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
    «Мемлекет басшысының өкімдерімен:Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

adimage