Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.

«Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі», - делінген хабарламада.

Астана қаласында күн ала бұлтты, күндіз және түнде де жаңбыр. Батыс, солтүстік батыс бағытынан соғатын желдің күші 9-14м/с, кейде  15-20 м/с болады. Ауаның температурасы күндіз және түнде +9+11°С, ары қарай төмендей береді.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +24+26.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +23+25.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік-шығысын бөлігінде күшті жаңбыр күтіледі. Күндіз +14+19 (оңтүстігінде +22, солтүстік-шығысында +10).

Ақмола облысында күндіз +6+11, түнде +6+11.

Алматы облысында күндіз +21+26, түнде +12+17.

Жетісу облысында күндіз +19+24, түнде +14+19.

Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.

Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +7+12.

Батыс Қазақстан облысында күндіз +15+20, түнде +5+10 (оңтүстік – шығысында +13).

Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.

Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +10+15 (оңтүстігінде +18).

Маңғыстау облысында күндіз +22+27, түнде +12+17 (солтүстік-шығысында +7).

Ақтөбе облысында күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде +6+11 (солтүстігінде +3).

Қостанай облысында күндіз +3+8 (оңтүстігінде +13), түнде +1+6 (оңтүстігінде +11, солтүстігінде -2).

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +2+7, түнде +1+6 (солтүстіктігінде -2).

Павлодар облысында күндіз +11+16 (солтүстігінде +6), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).

Қарағанды облысында күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18) , түнде +6+11 (солтүстігінде +2).  

Ұлытау облысында күндіз +14+19, түнде +5+10.

Абай облысында күндіз +15+20 (оңтүстігінде +23), түнде +8+13 (оңтүстігінде +16).

«Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік шығысы, шығысындағы өзендердің басым бөлігінде су көлемінің өзгеруі байқалады. Оңтүстік шығыс және шығыстағы кей өзенде жауын-шашынның әсерінен су көлемі көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage