Шығыс Қазақстан облысында сегіз жылқыны жүк пойызы қағып кетті

Өскемен. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында сегіз жылқыны жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«5 желтоқсанда сағат 07:17-де Шығыс Қазақстан облысының “Коршунова-Черемшанка” аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген жылқы табынын байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан 8 жылқыны қағып кетті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жоспарланбаған пойыз тұрағы 19 минутты құрады.
«оқиға орнына Риддер станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Өткізілген тиісті іс-шаралардың нәтижесінде үй жануарларының иесі, ШҚО Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды», - деп нақтылады ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
«Жалпы, жыл басынан бері теміржол тесемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежелуінің 1463 фактісі тіркелген. Оның ішінде теміржол бойында мал жайғаны үшін 1169 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ІІМ.
1 АЕК = Т3180.

adimage