Шымкентте полицияның баспасөз хатшысын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде

Шымкент. 29 сәуір. ҚазТАГ - Шымкентте полиция департаментінің баспасөз хатшысын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінен.
«Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қ. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М.Бекееваны өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу (ҚК 105 б.1б.) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.
Басқа ақпарат ҚПК 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Бұған дейін ҚазТАГ Шымкентте полиция баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсауға әрекет етуі салдарынан есінен танып қалғанын хабарлаған еді.

adimage