Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан бастауыш класс мұғалімі оқушыларға сабақ берген

   Шымкент.13 сәуір.ҚазТАГ- Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан бастауыш класс мұғалімі оқушыларға сабақ берген, деп хабарлайды «Отырар».
  “11 сәуірде жағдай анықталғаннан кейін мектепті толық дезинфекциялау жүргізілді. Кеше, 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Осы уақытта байланысқан адамдар анықтала бастады, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды және оқшауланды. Оның жағдайы тұрақты", – деді Шымкент қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.
Мұғалім бірнеше сыныпта сабақ берген, атап айтқанда, бірінші және төртінші сынып оқушыларымен байланыста болған.      Санэпидемиологтардың айтуынша, оқушылар мен оқытушылар құрамы арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасуда.

adimage