Шымкентте жаяу жүргіншілер өткелінде кетіп бара жатқан баланы автобус қағып кетті

   Шымкент.6 желтоқсан.ҚазТАГ- Шымкентте жаяу жүргіншілер өткелінде кетіп бара жатқан баланы автобус қағып кетті, деп хабарлайды «Отырар».
   "5 желтоқсанда Шымкентте №126 маршруттық автобустың жүргізушісі Байтұрсынов-Әлімбетов қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтетін 8-10 жастағы баланы қағып кетті", – делінген хабарламада.
Бала ауруханада жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

adimage