Скляр СҚО-ғы су тасқыны туралы: нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз

   Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ- Су тасқынына бейім нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, деп хабарлады премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.
  "Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құрамыз", — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.
   Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.
   Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.

Фото көзі: Пресс-служба премьер-министра РК


adimage