Смайлов 2022 жылдың соңына дейін парламентке БАҚ туралы заң жобасын енгізуді тапсырды

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайлов 2022 жылдың соңына дейін парламентке БАҚ туралы заң жобасын енгізуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.
«Премьер-министрдің айтуынша, әзірленіп жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұранысын және медиа саланың даму үрдістерін ескеруі тиіс. Заң жобасындағы жаңалықтарды үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты, сарапшылар мен журналистерді қатыстыра отырып, кеңінен талқылауға шығару қажет. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жалғастыру және ағымдағы жылдың аяғына дейін парламент қарауына енгізуді қамту тапсырылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бұл ретте Үкімет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру үшін ашық ақпараттық кеңістікті дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желілер мен блогосфераның рөлін ескеру маңызды екенін айтты.
«Әлихан Смайылов орталық және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволардың салалық қызметіне маманданған спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырды. Олар мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Үкімет басшысының пікірінше, мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек. Кәсіби «құрғақ» тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сонымен қатар мемлекеттік органның қызметін әлеуметтік желілерде белсенді жариялап, халықтың сұрақтарына тұрақты түрде жауап беру қажет», - деп атап өтті Смайлов.

adimage