Солтүстік-Қазақстан облысында соңғы жылдары халық саны 23% азайып жатыр – Әшімбаев

   Астана.20 ақпан.ҚазТАГ-Валентина Владимирская. Солтүстік-Қазақстан облысында соңғы жылдары халық саны 23% азайып жатыр, деп хабарлады Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
   «Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал, солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны азайған»,- деді сейсенбі күні Әшімбаев.
   Демографиялық мәселелерге арналған сенаттағы үкімет сағатында спикер оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасының тиімсіз болғанын ашық айтты.
   "Бүгінде оңтүстік-батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайған. Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы болжанған нәтиже бермегенін мойындауымыз керек", - деді Әшімбаев.

adimage