Түркістан облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Түркістан.25 мамыр.ҚазТАГ- Түркістан облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адамды қамауға алды»,- делінген хабарламада.
    21 мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті қамауға алынды.
   Қыздың жағдайы бірқалыпты. Сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Қазір жасөспірім үйінде, ата-анасының қасында.
    Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді.

adimage